«Есту қабілеті бұзылған және ауыр сөйлеу тілі бұзылыстары (АСБ) бар білім алушылармен жұмыс барысында арнайы түзете-дамыту сабақтарының ресурстары және оларды білім сапасының жаңа деңгейіне қол жеткізу үшін тиімді пайдалану»
Мақсаты:
Сурдопедагогтар, логопедтер және дефектологтардың түзете-дамыту сабақтарында заманауи сабақ ресурстарын пайдаланудың тиімділік бағыттарын айқындау арқылы оқытудың жаңа сапасына қол жеткізу жолдарын анықтау.
Міндеттері:
1. Заманауи сабақтың ресурстарын анықтап, олардың негізгі сипаттамаларын ашу:
функционалдылығы, тәжірибеге бағытталуы, интерактивтілігі, дамытушылық әлеуеті, бейімделгіштігі, қолжетімділігі, мультимедиялық мүмкіндіктері.
2. Түзету блогы педагогтерінің сабақтар мен түзете-дамыту сабақтарын тиімді өткізу үшін қолданылатын құралдар мен ресурстарды пайдалану тәжірибесімен танысу.
3. Білім беру ресурстарының жаңа мүмкіндіктерін меңгеруді қамтамасыз ететін болашақ қызмет бағыттарын айқындау және педагогикалық ұжымды түзете-білім беру үдерісін жетілдіруге бағыттау.
https://int-5-semey.edu.kz/kz/pedagogikaly-ke-es.html#sigFreeId74aeff5c6c
Мектеп - интернатымызда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыруға арналған педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде:
1. Құндылықтардың маңызы, оны өмірімізде іске асыру.
2. Әлеуметтік жобалардың алатын орындары.
3. Даналық мектебінің бала өміріндегі маңызы.
4. Қауіпсіздік мәселесі
5. Буллингтің алдын алу сияқты тақырыптар өзекті бағытта болды.
Педагогтарды сергіту мақсатында "Оюлар" жаттығуы мен "Бәйге", "Асық"ойындары да ұлттық нақышты айқындап тұрды.
https://int-5-semey.edu.kz/kz/pedagogikaly-ke-es.html#sigFreeId607f0ef80d






