Аналар күні - анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке. «Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді дана халқымыз. Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевта өзінің сөйлеген сөзінде "Бұл сөздің айрықша мән - маңызы бар» - деп атап өткен болатын.

Біздің отбасылық өмірімізде де, қоғамдық өмірімізде де ананың рөлі ерекше, ол балаларын тәрбиелеп, бағыт - бағдар береді. Ананың еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. "Біртұтас тәрбие"бағдарламасын жүзеге асыру бағытында, қыркүйек айының үшінші жексенбісі "Аналар күні" мектеп - интернатымыздың әр тәрбиеленушісі өз анасын мереке күнімен отбасында құттықтап, естелік ретінде әдемі фото суретке түсіп ерекше атап өтті.