Біздің оқушылар бұл күнді көңілді әрі белсенді түрде атап өтті. Олар спорттық жарыстар ұйымдастырып, өзара бақ сынасты. Алаңда достық, күш - жігер және жеңіске деген ұмтылыс рухы сезілді! Қатысушылар әртүрлі спорт түрлерінен жарысып, бір - бірін қолдап отырды. Бұл күн тек қана денсаулық мерекесі емес, сондай - ақ көтеріңкі көңіл күй мен бірліктің белгісі болды.