І Абай облысындағы Арнайы №5 мектеп - интернатында "Адал азамат" бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ата - аналар мен озат әріптестердің ынтымақтастығын нығайту мақсатында "Ұрпақ тәрбиесінің басты тетігі" атты воркшоп өткізілді.
Іс - шара барысында қатысушыларға төрт бағыт бойынша жұмыс алаңдары ұсынылды:
1. Әкелер мектебі - "Әке көрген оқ жонар"
Бұл бағытта әкенің отбасындағы рөлі мен ұрпақ тәрбиесіндегі үлгісі талқыланды.
2. Аналар мектебі - "Шеше көрген тон пішер"
Ананың мейірімі мен тәрбиелік ықпалы, қыз бала тәрбиесі жайлы мәселелер қозғалды.
3. Әжелер мектебі - "Береке ордасы"
Ұлттың тәрбие негізі саналатын әжелердің даналығы, ұлттық құндылықтарды жеткізудегі рөлі сөз болды.
4. Халықтық педагогика - "Баланың білімі мен дағдысының негізі"
Бұл алаңда халықтың дәстүрлі тәрбиесі, мақал - мәтелдер, ойындар мен салт - дәстүрлердің бала дамуына әсері талданды. Іс - шара соңында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ата - аналар, мұғалімдер және басқа да қатысушылар кері байланыс беріп, ұсыныс - пікірлерімен бөлісті. Олар аталған жобалардың өзектілігі мен тиімділігі жөнінде ой қозғады. #Адал азамат #Біртұтас тәрбие #бағдарлама






