Жеңіс күні - мәңгі ұмытылмас ұлы мереке.
Жеңіс күні - бұл жер бетіндегі әр адам үшін қасиетті әрі ерекше мереке. Ол бізге бейбіт өмірдің, ашық аспанның қандай қымбат екенін еске салады. Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Бұл күн - батырларымыздың жанкешті ерлігі мен халқымыздың мызғымас бірлігінің белгісі.
Ұлы Отан соғысы жылдарында миллиондаған адам өз елін қорғау үшін майданға аттанды. Олардың көпшілігі туған жерге оралмады. Бірақ олардың ерлігі мен есімдері ел жүрегінде мәңгі сақталады.
Бүгінгі бейбіт өмір - сол батырлардың арқасы. Біз оларды әрқашан құрметтеп, ерліктерін есте сақтауымыз керек. Мектептерде өткізілетін іс - шаралар, ән байқаулары, көрмелер мен сынып сағаттары осы мақсаты көздейді.
Жеңіс күні - бұл тек өткенді еске алу ғана емес, бұл - болашақ ұрпаққа бейбітшіліктің, татулықтың және отансүйгіштіктің маңызын түсіндіру күні. Мереке құтты болсын!







