15 қараша-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күні.
Осы маңызды мереке қарсаңында мектебімізде түрлі танымдық және шығармашылық іс-шаралар өтті. Мұғалімдер викториналар мен әңгімелер арқылы теңгенің ел тарихындағы орны туралы мағлұмат берді. Оқушылар ұлттық валютамыздың қалыптасу кезеңдері, алғашқы банкноттар мен монеталар, сондай-ақ қазіргі өмірдегі қаржылық сауаттылықтың маңызы туралы көп нәрсе білді.