Осы тақырыпта 7 - 8 сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті.Сынып сағаты барысында оқушылар төзімді болу - басқа адамдарға құрметпен қарау, олардың пікірін, көзқарасын, мәдениетін, ұлтын және жеке ерекшеліктерін қабылдай білу екенін талқылады. Сонымен қатар, төзімділік - өзгені тыңдай алу, түсіну, адамдар арасындағы айырмашылықтарға сабырмен қарау, мейірімділік пен сыйластық таныту екені айтылды.

Талқылау кезінде оқушылар күнделікті өмірден мысалдар келтіріп, өз ойларын ортаға салды. Сынып сағаты оқушылардың өзара құрметін арттырып, қарым - қатынас мәдениетін және ұжымда төзімді мінез - құлықты қалыптастыруға ықпал етті.