Бүгін біздің мектепте «Шын жүректен» атты акция өтті. Мектеп қызметкерлері мен оқушылар бірігіп, біздің балаларымызға арналған азық-түлік себеттерін жинады. Бұл акция мейірімділік пен қолдаудың, жанашырлықтың нағыз үлгісі болды. Қатысып, жүрек жылуын сыйлаған барлық жандарға алғысымызды білдіреміз!






