Мектебімізде «Тәрбиелі бала - жарқын болашақ» тақырыбында педагог-тәрбиешілердің әдістемелік апталығы өтті.
Апта барысында көптеген қызықты әрі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды: ашық сабақтар, тәрбиелік сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, танымдық серуендер, сондай-ақ әкелердің қатысуымен спорттық жарыстар өтті.
Барлық іс-шаралар оқушылардың мінез-құлық мәдениетін, жауапкершілігін, бір-біріне деген құрметін қалыптастыруға және мектеп өміріне белсенді қатысуына бағытталды.