Театр күні - мектебімізде дәстүрге айналған іс - шаралардың бірі. Көктемнің жарқын мерекесі - Наурыз қарсаңында оқушыларымыз театрға барып, бұл мерекенің шығу тарихымен, салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптарымен танысты. Сонымен қатар, оларға қызықты әрі танымдық қойылым ұсынылып, балаларға ерекше әсер сыйлап, көтеріңкі көңіл - күй сыйлады.






