3 сәуір 2026 ж «Арнайы білім беру ұйымындағы үздік сабақ» атты облыстық конкурс өтті. Аталған конкурсқа біздің әріптестеріміз қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Масенова Назым Қанатқызы Бас жүлдені иеленді. Бастауыш сынып мұғалімі Рахимбекова Ботагөз Серікхановна жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, Байділданова Айдана Талғатқызы мектебіміздің намысын абыроймен қорғап, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер тілейміз!