ҚР Оқу - ағарту министрлігінің тапсырмасы негізінде білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "№5 арнайы мектеп - интернаты" 2026 жылғы 8 сәуір күні терроризмге қарсы жоспардан тыс оқу - жаттығу өткізілді. Іс - шара барысында білім алушылар мен мектеп қызметкерлеріне төтенше жағдай кезіндегі іс - әрекет алгоритмдері түсіндіріліп, қауіпсіз эвакуациялау шаралары тәжірибе жүзінде пысықталды. Оқу - жаттығуға мектеп әкімшілігі, педагогтар және техникалық қызметкерлер белсенді түрде қатысты.

Мақсаты - білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайларда дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын дамыту.