Біздің мектепте «Ұлы дала үні» атты балалар шығармашылығы көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, туған жердің әсем табиғаты мен Қазақстан мәдениетінің байлығын бейнелейтін шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Көрме педагогтар мен қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырып, балалардың шығармашылық әлеуетін айқын көрсетті






