Отан қорғаушылар күні - 7 Мамыр және Жеңіс күні қарсаңында мектепте әскери әндердің салтанатты концерті өтті. Балалар соғыс туралы әндерді орындап, шығармалардың көңіл күйін тек дауыспен ғана емес, қимыл - қозғалыстарымен де әсерлі жеткізе білді. Концерт өте әсерлі, жүрекке жылы тиетін әрі есте қаларлықтай болды. Көрермендер өнерпаз оқушылардың өнерін зор ықыласпен тыңдап, қошеметпен қолдады.






