Абай Кунанбаев поэзиясына арналған фестиваль
Абай Кунанбаев поэзиясына арналған фестиваль
«Сөз -ойдың айнасы» Іс-шара ұлы ақын, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбаевтың поэзиялық және философиялық мұрасына арналады.
Фестивальдің мақсаты -оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз бен ой құдіретін ұғындыру, Абай шығармалары арқылы әдебиетке және рухани құндылықтарға қызығушылықтарын арттыру. Фестиваль аясында оқушылар өлең оқу, көрініс қою, поэзиялық-композициялық және шығармашылық өнерлерін көрсетеді. Іс-шара оқушылардың көркем сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұлттық әдеби мұраға деген құрметін қалыптастырады.






