«Білім беру жүйесінде Абай идеяларының өзектілігі»
тақырыбында облыстық семинар-практикумы өтті.
2026 жылғы 24 сәуірде облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Абай облысы білім басқармасының «№ 5 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында арнайы және инклюзивті білім беру саласының педагогтері мен мамандарына арналған «Білім беру жүйесінде Абай идеяларының өзектілігі» атты облыстық семинар-практикумы өтті.
Семинардың мақсаты: Арнайы мектеп-интернат жағдайында педагогтердің Абай Құнанбайұлының педагогикалық және адамгершілік идеяларын оқу-тәрбие үдерісіне енгізу бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Іс-шараға жалпы орта, арнайы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары, мамандары және педагогтері қатысты. Барлық қатысушы саны 40-тан асты.
Теориялық-әдістемелік бөлімде есту-сөйлеу ортасын құру, есту бұзылыстарын ерте диагностикалау, есту қабылдауын дамыту әдістері, кіріктірілген оқыту тәсілдері, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру және білім алушыларды әлеуметтік бейімдеу мәселелері қарастырылды.
Практикалық бөлімде әртүрлі сыныптарда ашық сабақтар өткізілді. Мұғалімдер, дефектологтер және тәрбиешілердің бір






