2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Бұл -еліміздің дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің бастауы. Жаңа Конституция заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және әділетті қоғам құруға бағытталған.

Конституция -Тәуелсіз Қазақстанның берік тұғыры, ел бірлігі мен тұрақтылығының, жарқын болашаққа деген сенімнің кепілі.

Жаңа Конституция еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, бейбітшілік пен келісімнің нығаюына қызмет етсін. Бірлігі бекем, болашағы жарқын Қазақстанымыздың мерейі әрдайым үстем болсын!