1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ! Жаңа оқу жылының басталуына арналған 1 Қыркүйек – Білім күніне орай салтанатты жиын өтті.
Мақсаты – оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алуға деген қызығушылығын арттыру, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудің маңыздылығын насихаттау, ұстаздарға құрмет көрсету және мектеп қауымын жаңа оқу жылына жұмылдыру.Қонақтар оқушыларға ізгі тілектерін білдіріп, ұстаздар қауымына шығармашылық табыс, ал білім алушыларға биік жетістіктер тіледі.Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 0-1-сынып оқушылары үшін бұл күн ерекше қуанышқа толы болды. Жаңа оқу жылы баршаңызға жаңа мүмкіндіктер, жарқын жетістіктер, толағай табыстар әкелсін!






