Отбасы күніне орай «№5 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Қазақстан Республикасында Отбасы күніне орай 7–13 қыркүйек аралығында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осыған орай, 7 қыркүйек күні мектеп-интернатымыздың 0–10 сынып оқушылары арасында тағылымы мол сыныптан тыс сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты - оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық пен түсіністікті нығайту. Сыныптан тыс сабақ барысында оқушылар сыйластық, мейірімділік, қамқорлық, жауапкершілік және өзара түсіністік туралы ой бөлісті. Отбасы мүшелеріне қолдау көрсету, ата-ананы құрметтеу, жақын жандарды қадірлеу және отбасылық дәстүрлерді сақтау жөнінде мазмұнды әңгімелер жүргізілді.