2026 жылдың қыркүйек айының соңына дейін еліміздің барлық мектептерінде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ата-аналар жиналыстары өтуде.
Жиындарда жаңа оқу жылының ерекшеліктері, бала қауіпсіздігі, цифрлық орта, құқықтық мәдениет және ата-аналардың жауапкершілігі талқыланады.
Негізгі мақсат – отбасы, мектеп және қоғам арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Бірлесе отырып, әр балаға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырамыз!






