«Дені саудың-жаны сау» атты тақырыппен, «Біртұтас тәрбие» аясында, дене шынықтыру, салауатты өмір салты бағыты бойынша тәрбиешілер әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. 

Апталықтың мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, физикалық және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиянды факторларды анықтау мүмкіндігін қалыптастыру.

Апталық «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында арнайы жиынмен ашылып, ата-аналардың қатысуымен «Әке, ана, мен спорттық отбасымын!» деген көңілді спорттық ойындар сайысы өткізілді. Күн тәртібіне байланысты: серуен, өзін-өзі дайындау, сыныптан тыс іс-шаралар, ұлттық ойындар мен қозғалыстағы ойындар өткізілді. Әр өткізілген іс-шараға барлық топтың балалары ерекше ынталарымен қатысты.