26 – қыркүйек «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында мектепшілік ата-аналар жиналасы өтті. Жиналыстың алғы сөзі Абай облысы білім басқармасының бас маманы Айтчанова Ж.Е. бастап, қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін талқылау үшін жиналғанымызды айтты. Біздің облысымызда психологиялық орталық ашылғанын және мекен-жайын, байланыс номері жайлы ақпарат берді.
Әрі қарай жиналысымызды тәрбие ісінің меңгерушісі Смагулова Г.Ж жалғастырды. Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша ата-аналарға мәлімет беріп, болашақ жоспарлармен бөлісті. Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұсынылған «Өнегелі 15 минут» бастамасы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталғанын, мағыналы әңгімелер арқылы адамгершілік және балаңызбен күн сайын 15 минут шынайы жүректен әңгімелесу оның өзіне деген сенімін нығайтуға, маңызды өмірлік құндылықтарды меңгеруге және дұрыс тәрбие алуға көмектесетінін айтты.
Мектебіміздің педагог-психологі Каримжанова Б.М ата-аналарды серіктіру үшін релаксация өткізді.
Әрі қарай қазақ тілі мұғалімі Мосенова Н.Қ. соңғы уақытта балалар мен жасөспірімдерді басқара алатын және оларды психикалық және физикалық қауіп-қатерге душар ететін қауіпті онлайн ойындар, кітаптар мен сайттардың саны көбейгендігі туралы айтып, ата-аналарды негізгі қауіптермен таныстарды, Болашақта балаларын күнделікті бақылып, күдікті іс әрекеттері болса, арнайы мамандардың көмегіне жүгінуге шақырды. Тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай, тегін мемлекеттік байланыс орталығы «111» бар екендігін, осы қысқа нөмір арқылы балаларға қатысты кез келген мәселе бойынша психолог пен заңгердің кеңесін алуға болатындығын айтып өтті. Ата – аналарға белгілі бір ойындар туралы видео көрсетілді.
Жиналыстың соңында оқу ісінің меңгерушісі Кишкентаева Ж.М. ата -аналарға арналған Әлеуметтік желілердің оқушылардың психикасына әсері атты жадынама таратты. Келген ата-аналарға алғыс айтып, жиналысты аяқтады.
https://int-5-semey.edu.kz/kz/zhanaly-tar/157-bala-auipsizdigi-o-am-keleshegi-ta-yrybynda-mektepshilik-ata-analar-zhinalasy-tti.html#sigFreeId2764a787cd






