2025 жылғы 11 сәуірде Білім беру министрі Бесімбаев Ғайни Бихтаевичпен кездесу өтті. Бұл кездесу арнайы білім беру ұйымдарының басшыларына арналып ұйымдастырылды. Олардың қатарына интернат мектептері, КППК және ПМПК кіреді. Кездесу жоғары деңгейде өтті: осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасалып, білім беру мен тәрбие үдерісінің қазіргі жағдайы талқыланды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға диагностика жүргізу және оқыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталған негізгі міндеттер айқындалды.