Бұл маңызды күнде біздің оқушылар да қалыс қалған жоқ! Осы мерекеге орай мектебіміздің оқушылары мәдени мұраны сақтау мақсатында ұйымдастырылған шараға белсене қатысты.

Біздің қаламызда тарихи тұлғаларға, ерлікке толы оқиғаларға арналған көптеген ескерткіштер бар. Оқушылар ұстаздарымен бірге осы ескерткіштердің барлығын аралап, олардың тарихымен танысты, ескерткіштердің маңызын түсініп, тағзым етті.

Бұл шара балалар үшін тек танымдық қана емес, сонымен қатар тәрбиелік мәні зор іс-шара болды. Олар тарихи мұраны сақтау мен өткенге құрмет көрсету керектігін жүрекпен сезінді.