Міне, тағы бір оқу жылы да өз мәресіне жетті. Ол қандай болды? Әр түрлі - мазмұнды, күрделі, қуанышты, жаңалықтар мен сынақтарға толы.
Бүгін осы сұрақтарға жалпы мектептік қорытынды ата - аналар жиналысында жауап ізделді.
Жиналыс барысында өткен оқу жылының «Адал Азамат - Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыруға арналғаны атап өтілді.
Аталған бағдарлама оқу үдерісінде де, тәрбие жұмыстары барысында да сәтті енгізіліп, жүзеге асты.
.Екінші мәселе - балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.
Бұл тақырып аясында ата - аналарға жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді өткізу жолдары түсіндірілді. Мектеп жанындағы лагерьлер мен қосымша үйірмелер туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, балалардың жаз мезгілінде қауіпсіздігін сақтау - басты назарда екені айтылды.
Атап айтқанда:
- жолда жүру ережелерін сақтау,
- су айдындарында шомылу кезіндегі қауіпсіздік,
- интернеттегі қауіптерден қорғану,
- жалғыз серуендеуге жол бермеу секілді маңызды ережелер еске салынды.
Ата - аналарға балаларды бақылауда ұстау, олармен ашық сөйлесу және қауіпсіздік шараларын үнемі ескертіп отыру қажеттігі айтылды.
https://int-5-semey.edu.kz/kz/zhanaly-tar/288-ata-analar-zhinalysy.html#sigFreeId323c5c0b88






