1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні.
Бұл күн - әлемнің барлық елдеріндегі балалардың құқығын қорғау, оларға қамқорлық көрсету және бақытты балалық шақ сыйлау мақсатында атап өтіледі. Балалар - еліміздің болашағы, біздің үмітіміз бен сеніміміз.
Олардың күлкісі - әлемдегі ең шынайы бақыт, ал амандығы мен игілігі - әрбір ересек адамның басты міндеті.
Бұл мереке ата - аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіне, олардың білім алып, қауіпсіз және бақытты өмір сүруіне ерекше назар аударуына себеп болады.
Барша балаларға зор денсаулық, шаттық пен күлкі, қызықты сәттер мен армандардың орындалуын тілейміз!
Балақайлардың әрбір күні шуақты, көңілді, қауіпсіз болсын!