Соңғы қоңырау мерекесі - мектеп бітірушілер үшін аса маңызды әрі толқулы сәт.
Бұл күн - балалық шақпен, мектеп өмірімен қоштасу, ұстаздарға, сыныптастарға алғыс айтып, жаңа өмірге қадам басатын ерекше күн. Соңғы қоңырау - өткен кезеңнің қорытындысы, болашаққа бастар жолдың алғашқы қадамы.
Осы күні ұстаздарға деген алғыс пен ілтипат, ата - аналарға деген ризашылық сөздері шын жүректен айтылады.
Ал түлектердің жүрегінде - мектеппен қоштасудың мұңымен қатар, жаңа өмірге деген үміт пен сенім ұялайды.
Соңғы қоңырау - тек қоштасу ғана емес, үлкен өмірге жолдама.
Қымбатты түлектер, болашақтарыңыз жарқын болсын! Армандарыңыз орындалып, әр қадамыңыз сәттілікке толы болғай!