ҚР Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде бірқатар іс - шаралар ұйымдастырылды. 5 - 10 сынып оқушылары арасында "Тарихым - мақтанышым" тақырыбында шығарма жазу өткізілді. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, ел тарихына деген құрметі мен патриоттық сезімдерін шығармаларында айқын көрсетті.

Сонымен қатар, "Ұлттық рух - мәңгілік ел болудың өзегі" тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылып, оқушыларға ұлттық құндылықтардың маңызы, елдіктің негізі және рухани бірлік туралы мазмұнды ақпарат берілді.