Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде «Жас Ұлан» балалар ұйымына оқушыларды салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу, ел тарихы мен тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру. Салтанатты жиын барысында оқушылар «Жас Ұлан» ұйымының ант қабылдау рәсімінен өтіп, елге адал қызмет етуге, білімді, тәрбиелі әрі жауапты азамат болуға уәде берді. Шара патриоттық әндермен, құттықтау сөздермен және көтеріңкі көңіл күймен өтті.