24 желтоқсан күні мектебімізге Абай облысының әкімі Берік Уәли келді. Іссапар барысында облыс әкімі мектеп ғимаратының жалпы жағдайымен, материалдық - техникалық базасының жабдықталуымен танысып, педагогикалық ұжыммен пікір алмасты.
Кездесу барысында оқушылар қонақтарға өз мектебі туралы айтып, көрсетілген қамқорлық үшін және мектепте салынып, бүгінде пайдалануға беріліп тұрған жаңа футбол алаңы үшін алғыстарын білдірді. Әкім облысы жаңа жыл қарсаңында мектепке интерактивті панель мен тәтті сыйлықтар тарту етті. Ризашылық белгісі ретінде оқушылар би өнерін көрсетіп, қонақтарға өз өнерлерін ұсынды. Кездесу соңында естелік суретке түсу ұйымдастырылды.
https://int-5-semey.edu.kz/kz/zhanaly-tar/333-24-zhelto-san-k-ni-mektebimizge-abaj-oblysyny-kimi-berik-u-li-keldi.html#sigFreeIdd3beaedf9b






