Бүгін мектебімізде ерекше әрі әсерлі кездесу өтті. Семей қаласының саңырау азаматтарына арналған қазақ клубы оқушыларды 2025 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері -паралимпиада спортшыларымен таныстырды. Олар қиындықтарға қарамастан, спортта үлкен жетістіктерге жеткен қайсар жандар.Жеңіл атлетика мен дзюдомен айналысатын оқушыларымыз қонақтарды зор ықыласпен тыңдап, олардың табандылығы мен жігерінен үлкен үлгі алды. Бұл кездесу балаларға ерекше мотивация беріп, ерік-жігер мен еңбектің кез келген кедергіні жеңуге көмектесетінін дәлелдеді.