Абайдың идеяларының қазіргі білім берудегі өзектілігі «Елге сәлем» арнасындағы кездесу мен телебағдарламаның негізгі тақырыбы болды. Аталған бағдарламаға мектебіміздің педагогтері қатысты.Бағдарлама барысында тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Смагулова Галия Амерсеитовна сөз сөйлеп, Абайдың идеялары мен ілімдерінің мектептің тәрбие жұмысында қалай жүзеге асырылып жатқанын баяндады.

Кейін өз тәжірибесімен бастауыш сынып мұғалімі Айдана Талғатқызы Байдильданова бөлісті. Ол балаларды Абайдың адамгершілік құндылықтары мен өмірлік қағидаларымен таныстыру ең ерте жастан - бес жастағы балалар оқитын даярлық сыныбынан басталатынын атап өтті.Сонымен қатар бағдарламаға есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істейтін қазақ тілі мұғалімі Алмагүл Жанаевна Бейсимбаева да қатысты. Ол Абайдың идеяларының білім беру үдерісіне қалай енгізіліп жатқанын және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда оның маңыздылығын айтып өтті.Талқылауға сондай - ақ ауыр сөйлеу бұзылыстары бар балалармен жұмыс істейтін дефектолог - логопед Алхазинова Толғанай Чабановна да қатысты. Ол өз жұмысында Абайдың адамгершілік және тәрбиелік идеяларын қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу мазмұнды әрі қызықты өтті. Біздің педагогтер Абай идеяларының қазіргі педагогика мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңыздылығын жан - жақты ашып көрсете білді.