2026 жылдың 30 наурызында 0 сынып оқушыларымен және мұғалім Тетерюк Светлана Владимировнаның қатысуымен, қызықты әрі танымды кітапханалық сабақ өтті. «Кітапханаға саяхат» іс - шарасы оқушыларды кітапхана әлемімен таныстыруға, кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған танымдық бағдарлама. Іс - шара барысында қатысушылар кітапхананың құрылымы, кітап қоры, бөлімдері және кітапты пайдалану ережелері туралы мағлумат алды. Сонымен қатар, балаларға арналған қызықты «Балалар, сендер үшін» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Бұл шара жас ұрпақты кітап оқұға баулып, білімге деген ынтасын дамытуға ықпал етті. Шара барысында кітапханамен алғаш рет танысып, кітаптардың қалай сақталатынын, оларды қалай дұрыс пайдалану керектігіні үйретілді. Оқушыларға ертегі кітаптар көрсетіліп, қызықты сұрақтар ұсынылды. Іс - шараның мақсаты - кішкентай оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, оларды ұқыптылыққа, кітапты сүюге және білім алуға баулу болды