«№5 арнайы мектеп–интернатында» «Оқуға құштар мектеп» жобасы және Балалар кітабы апталығы аясында 2026 жылғы 2 сәуірде кітапханада «Кітаптар мерекесі» іс-шарасы өтті.
Апталық «Балалар, сендер үшін» / «Для вас, ребята» атты көрмемен ашылды. 0-1 сынып оқушылары экскурсияға қатысып, кітаптармен, кейіпкерлермен танысып, кітапхананы пайдалану және кітапты қадірлеу ережелерін үйренді.
«Ертегілер еліне саяхат» оқулары, викториналар мен кітапхана сағаттары ұйымдастырылып, «Мен, кітап және кітапхана» селфи жасалды.
Балалар уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізді. Балалар кітабы апталығы -оқу мен жаңа әсерлер мерекесі!