2026 жылғы 23 сәуірде Абай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Д. Жұмагелдин біздің мектепке келді. Сапар барысында тәрбиеленушілердің тұру және оқу жағдайлары, сондай-ақ санитарлық талаптардың сақталуы тексерілді. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, білім беру үдерісін ұйымдастыру, күн тәртібі және медициналық көмектің көрсетілуі ерекше назарға алынды.Сапар аясында өкіл мекеме әкімшілігі және педагогтармен кездесіп, адам құқықтарын қорғаудың негізгі қағидалары мен осы саладағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын талқылады. Әңгіме барысында заңға бағыну, өзара жауапкершілік және адам құқықтарын құрметтеу мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.Бұдан бөлек, әйелдер құқықтарын қорғау, қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алу мәселелері қарастырылды.
Сапар қорытындысы бойынша интернат тәрбиеленушілерінің құқықтарын қорғау бағытындағы өзара іс-қимылды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.