«Екі жұлдыз» шығармашылық байқауы мектебіміздің игі дәстүріне айналды. Биылғы жыл да ерекше өтті. Сахнада ұстаздар мен оқушылардан құралған дуэттер өнер көрсетіп, әсем әндер шырқалып, көрермендерге тамаша билер ұсынылды. Қатысушылардың өнерін білікті қазылар алқасы бағалады. Ал қадірлі қонақтар ретінде еңбек ардагерлері шақырылды. Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын көптеген сыйлықтар, көтеріңкі көңіл күй және ұмытылмас әсерлер күтті. Бұл мереке барша көрерменге шабыт сыйлап, мектебіміздегі ұстаздар мен оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігі мен талантын тағы бір мәрте дәлелдеді.