Мектебімізде Семей орманы Семей филиалымен бірлесіп және Жас Ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатысуымен мектеп аумағын көгалдандыру мақсатында «Марш парков – Саябақтар шеруі» экологиялық акциясы өткізілді.Іс-шараға мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, дәрігер, екі медбике, 92-взвод және 51-взвод ұландары, сондай-ақ Семей филиалының 5 қызметкері қатысты.Акция барысында мектеп аумағына 10 түп шырша, 6 түп пирамидалық терек және 6 түп шаған көшеттері отырғызылды.
Табиғатты қорғау мен жасыл желекті көбейту мақсатында ұйымдастырылған бұл шара оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, туған жер табиғатына деген жанашырлық пен жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталды.
https://int-5-semey.edu.kz/kz/zhanaly-tar/417-marsh-parkov-sayaba-tar-sherui.html#sigFreeId34743d8b16






