Мектебімізде Білім күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы – Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты – білім алушыларға Конституцияның маңызын түсіндіру, құқықтары мен міндеттерін білуге, заңды құрметтеуге, адал еңбекке, қоғамдық тәртіпті және қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу. Сынып сағаттарында «Адал азамат», «Зерделі ұлт», «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп» қағидаттарының маңызы талқыланып, білім алушылар белсенді пікір алмасып, тақырыптық тапсырмалар орындады. Іс-шара барысында құқық пен жауапкершілік, тәртіп пен адалдық, білім мен еңбек құндылықтарының ел болашағындағы маңызына ерекше назар аударылды.