Мереке баршамызға қуаныш, береке және ұмытылмас әсер сыйлады!
«Жомарт күз» мерекелік жәрмеңкесі Мектебімізде «Жомарт күз» атты мерекелік жәрмеңке өтті. Мереке өте қызықты әрі көңілді болды. Балалар күз туралы өлеңдер айтып, әдемі билер биледі және түрлі қызықты ойындар ойнады. Сонымен қатар, жәрмеңкеге ата-аналар мен балалар түрлі дәмді тағамдар мен тәттілер әкелді. 
Мереке барысында барлығы көтеріңкі көңіл күйде болып, бір-біріне қуаныш сыйлады. Балалардың өнері мен белсенділігі мерекені одан әрі қызықты етті.Осы мерекенің өтуіне атсалысқан барлық ата-аналарға, ұстаздарға және балаларға үлкен алғысымызды білдіреміз!