Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясының өткізілуі туралы
Абай облысы ББ КММ «№ 5 арнайы мектеп-интернаты» психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі аясында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы «Біз кез келген зорлық-зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында өткізілді.
Акцияның мақсаты:
білім алушыларда зорлық-зомбылықтың кез келген түріне саналы түрде теріс көзқарас қалыптастыру, қатыгез және күш көрсету мінез-құлқының алдын алу.
Қатысушылар: 4–10 сынып білім алушылары (есту қабілеті бұзылған және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балалар).
Өткізу формасы: ауызша журнал.
Жауаптылар: Горлова О.Н., Сапарбаева А.М.
Акция аясында «Буллинг» тақырыбындағы әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, талқыланды, «Біз кез келген зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты ауызша журнал өткізілді, 6–10 сынып білім алушылары арасында «Менің зорлық-зомбылыққа көзқарасым» тақырыбында сауалнама жүргізілді. 4–5 сынып оқушыларына арналған шығармашылық тапсырмалар («Достық ағашы», «Мейірімділіктің жеті сөзі» филворды) ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 4–10 сыныптар арасында «STOP зорлық-зомбылық!» тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілді.

Біздің мектепте Психологиялық - педагогикалық қолдау қызметі апталығы өтті.

Апталықтың негізгі мақсаты - балалар, ата - аналар мен педагогтер арасындағы өзара іс - әрекетті нығайту, сенім мен қолдау атмосферасын қалыптастыру, жағымды эмоционалды ахуал құру және психологиялық көмекті насихаттау болды.

Апталық барысында оқушыларға, ата - аналарға және мұғалімдерге арналған түрлі тренингтер, әңгімелер, семинарлар мен қызықты іс - шаралар ұйымдастырылды. Барлығы да қатысушылардың психологиялық мәдениетін арттыруға, өзара түсіністік пен құрметті күшейтуге бағытталды.

Бұл іс - шаралар мектеп ұжымында позитивті көңіл - күй қалыптастыруға, балалардың өзін еркін сезінуіне және ата - аналар мен педагогтердің бір - бірімен тиімді байланыс орнатуына үлкен үлес қосты.


Название Скачать
1 План работы специалистов службы психолого - педагогического сопровождения