«Табыс жолы» жобасы аясында білім алушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында түрлі мамандық иелерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге оқушылар барып, кондитер, IT маманы және басқа да сала өкілдерімен жүздесті.
Кездесу барысында мамандар өз мамандықтары туралы айтып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті және оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шара оқушылардың мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтіп, болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар берді.