Бүгін Қазақстан Республикасының күні мерекесі қарсаңында 5, 7 және 8-сынып оқушылары Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайына барды. Экскурсияның мақсаты -өнер арқылы оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған өлкенің мәдени мұрасымен таныстыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.
Мұражайға саяхат барысында оқушылар өздерін нағыз суретші ретінде сезініп, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өнер әлеміне саяхат жасады. 
Жылы қабылдаулары, қызықты экскурсия ұйымдастырғандары және оқушыларға өнер әлемімен жақынырақ танысуға мүмкіндік бергендері үшін мұражай әкімшілігі мен қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз!