Оқушылар Семей қаласы бойынша экскурсияға барып, туған қаласының тарихы мен мәдениетімен танысты. Экскурсияның негізгі мақсаты – оқушылардың туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасына және оның тұрғындарына деген танымдық қызығушылығын арттыру, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру. Экскурсия барысында оқушылар қаланың көрікті жерлерін аралап, оның бай тарихы мен мәдени құндылықтары туралы мағлұмат алды.
View the embedded image gallery online at:
https://int-5-semey.edu.kz/kz/zhanaly-tar/467-o-ushylar-semej-alasy-bojynsha-ekskursiya-a-bary.html#sigFreeId2031c79edc
https://int-5-semey.edu.kz/kz/zhanaly-tar/467-o-ushylar-semej-alasy-bojynsha-ekskursiya-a-bary.html#sigFreeId2031c79edc






